Алишер Каримов

МӘЛІМЕТ

Artist Birtday : 28/10/1985 (Age 34)
Туған Жері : Тараз
Жанрлар : Поп

Әлішер Кәрімов – (1985 жылдың  қазан айының 28- жұлдызы күні Жамбылда, қазіргі Тараз қаласында туылған) қазақстандық эстрада әншісі, музыкант. Қазақстанды «Славян базар», «Новая волна», «Ереван шақырады» сияқты халықаралық вокалдық конкурстарда танытты. «SuperStar KZ» жобасының екінші бөлімдік бағдарламасының финалисті.

Биографиясы

Әлішер Кәрімов 1985 жылдың  қазан айының 28-жұлдызы күні Жамбылда (қазіргі Тараз қаласы) туылған. Алғаш рет сахнаға 5 жасында шығып, Республикалық жас таланттарға арналған «Әнші балапан» атты конкурстың көрермендер көзайымы жүлдесіне ие болды. Әлішер 2015 жылдың 8 қарашасында осы конкурстың 25 жылдық мерейтойлы концертінде ендігінде танымал әнші ретінде өнер көрсетті.

Білім жолы

Әлішер мектепті аяқтағаннан кейін бірден Т.К. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық  өнер академиясына ҚР-ның еңбек сіңірген әртісі Люция Толешеваның курсы болып табылатын «вокал» класына оқуға түседі.

2016 жылы барлық емтихандарын жақсы тапсырып, Қазақ ұлттық өнер университетіндегі «Музыкатану» факультетіне магистратураға түсіп, оқуын жалғастырады (бұрынғы Қазақ ұлттық музыка академиясы).

Өнер жолының бастамасы

Әлішер Кәрімов «SuperStar KZ» атты телевизиялық шоуында екінші орын алып, қатысқанының арқасында танымал бола бастады. Тура осы уақыттан бастап жас орындаушының мансабының гүлдене бастауы байқай аламыз.

«SuperStar KZ»-тен соң Әлішер өзінің талантын телевизияда таныта бастайды. Ол «Хабар» телеарнасының «Начистоту»  атты бағдарламасының жүргізушілерінің бірі атанады.

2007 жылдың тамыз айында Әлішер Лос-Анджелесте өткен Бүкіләлемдік өнердің  түрлерінің орындаушылық чемпионатында екі алтын және бір күміс медальдарды жеңіп алды (en. «World Championships of Performing Arts»). Осы жерде әнші Universal Studios-тың кастинг-директоры  Патрик Хайнингемнен актерлік мансабын Голливудта жалғастыруға ұсыныс алды.  Алайда Әлішер музыканы таңдап, контрактқа ақыры қол қойылмайды.

Халықаралық конкурстарға қатысуы

Әр жылдары әнші көптеген халықаралық конкурстарға қатысып, Қазақстаннан басқа да аумақтарда көрермендердің махаббатына ие болды: Витебсктегі «Славян базары»  (2011 жыл, Белоруссия) — 3 орын және «Орыс БАҚ-нан арнайы жүлде», «Ереван шақырады» (2012 жылы, Армения) — 3 орын, Юрмаладағы «Новая волна» (2014 жыл, Латвия) — 10 орын.

Әншінің шығармашылығында Франция, Түркия және Болгарияда қатысқан халықаралық фестивальдері ерекше орын алады.

Жетістіктері

2015 жылы Әлішер Кәрімов Forbes Kazakhstan журналының  ең үздік отыз шоу-бизнес пен спорт жұлдыздарының қатарына еніп, рейтингте 15- орынды алды.

2016 жылдың ақпан айында Әлішер Кәрімов мемлекеттік Қазақстан Республикасының Алғашқы Президенті – Ұлт Лидері Қорының атаулы Сияпатына ие болды.

Қайырымдылық істермен шұғылдануы

Бұнымен қоса, Әлішер Кәрімов қайырымдылық істермен белсенді түрде шұғылданады: әнші гонорарының тең жартысын жетімдер үйіне береді. 6 млн.-нан астам теңге мұқтаж балаларға берілген жағдай 2015 жылы өткен турнеден кейін  орын алған болған.

Шығармашылығы

2015 жылдың қазан айында Қазақ хандығының 550 жылдығына орай, «Бірлігіміз жарасқан» атты әніне бейнебаян түсірілді.

Қазіргі таңда Әлішер Кәрімов белсенді түрде гастрольдік шығармашылықпен айналысуда. 2016 жылдың қыркүйек айында оның «Көшпелі туры» басталған болатын. Орындаушыға «жанды дауысты» қамтамасыз етуге көмектесетін командасымен бірге Әлішер туған Қазақстанының ұлан-байтақ даласын автобуспен аралап шығуды жоспарлайды. Мұндай көлік түрі әншімен құр босқа таңдалынған жоқ. Себебі, оның айтуынша, ол өзінің әндерінінің көп бөлігін жолда келе жатып шығарған екен. Гастрольдік туры Қазақстанның барлық үлкен қалаларында: Қызылорда, Семей, Павлодар, Ақтөбе, Орал, Атырау, Қарағанды, Ақтау, Өскеменде өтуі керек және де  30 қарашада Астана қаласындағы «Қазақстан» ОКЗ-нда аяқталады деп жоспарланылды. Алайда әншінің жарақатының кесірінен «Көшпелі турне»   2017 жылдың басына ауыстырылды.

Дискография

Жылы Альбом
2010 «Келемін саған»
2012 «Тағы да»
2014 «Шүкір»
2015 «Мендей сағынасың ба?! »

Видеография

Жыл Бейнебаян Режиссёр
2010 «Келемін саған Ағайынды Богачевтер
2011 «Тағы да» «ХитTV production»
2012 «Бақытың өз қолыңда» Ағайынды Богачевтер
2014 «Шүкір» Абылайхан Қыстаубаев
2015 «Қайтемін» Ернар Нұрғалиев
2015 «Бірлігіміз жарасқан көз тимесін еліме» Жеңісхан Төре
2016 «Мама» Ёдгор Насыров
2016 «Сүйе білген – бір бақыт» Ёдгор Насыров
2016 «Ла-ла-ла» Ёдгор Насыров

ОРЫНДАУШЫ СУРЕТІ

АЛЬБОМДАР

ЖАРНАМА