INFORMATION

Artist Birtday : 05/02/1982 (Age 34)
Born In : Жаңатас, Сарысу, Жамбыл обл, Қазақстан
Genres : RnB

Дастан Дәрібайұлы Оразбеков (5 ақпан 1982 жыл, Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жаңатас қаласында туған) — «Орда» тобының белді әншісі, биші, актёр.

Өмірбаяны
Кішкентай кезінен өнерге жақын болған. Мектеп қабырғасында жүргенде-ақ, ән айтып, би билеп, сахнаға шыққан.

Әкеcінің есімі – Дәрібай, 2009 ж. өмірден өткен. Анасының аты – Мереке. Ата-анасы сахнаға шығып ән айтпаса да, өз достарының, туған-туыстарының ортасында өте өнерлі жандар болған.

Отбасында төрт ағайынды. Үйінің үлкені – «Орда» тобының әншісі Рүстем, одан кейін Дастан. Меруерт, Гүлшат есімді екі қарындасы бар. 1997 жылы отбасымен Алматы қаласына көшіп келген. Жұбайының есімі — Жанат, Алдияр атты бір ұлы бар.

Шығармашылығы
Арнайы музыкалық білімі болмағанмен, вокалдан, биден кәсіби мамандардан дәріс алған. Мектеп кезінде Аманжол деген ұстаздан, Алматыға келген соң Көпжасар, Бағым, Фарида, Диана деген кісілерден сабақ алған.Осылайша өзінің музыкалық білімін жетілдірген Дастан ағасы Рүстеммен бірге талантты Беделхандармен танысып, 2000ж. атақты «Бауыржан-шоу» театрында жұмыс жасай бастайды. Театр құрамында жүріп «Орда» тобына айналған өнерлі жастар, музыкалық және би қойылымдарымен қатар, көріністердегі эпизодтық рөлдерді де алып жүрді. Ол кезде Дастан негізінен халық әндерін орындаған болатын. Кейін өз өнерлерін шыңдаған жігіттер жеке топ болып бөлініп шықты. Содан бері Дастан «Орда» тобының белді мүшесі ретінде ән айтып келеді.

2007ж. Жанат есімді аруға үйленіп, отбасын құрды.

2009 ж. «Orda brothers» продюсерлік орталығының атынан жеке әнші ретінде Абайдың «Айттым сәлем, Қаламқас»[1] әнін орындап шықты. Сонымен қатар, «Тұмарым» атты жеке әнін халыққа ұсынды. Дастан жеке әнші ретінде қатты таныла қоймаса да, өз тыңдарманын тауып үлгерді. Жуырда тағы да бір әсем әні «Миллион жүрек» жарыққа шығады.

Сондай-ақ, Дастан «Орда» тобымен орындалған бірнеше әндердің әуенін жазып, өзін сазгерлік қырынан да көрсетті. Олар «За тобой», «Не покидай» және «С тобой» әндері. «Не покидай» әні 2007ж. Мәскеудегі “Европа плюс” радиостанциясы жүргізген хит-парадтың жеңімпазы атанады.

Қатысқан сайыстары
Дастан «Орда» тобының құрамында жүріп, көптеген өнер сайыстарына қатысқан. Ал өзінің жеке әншілік шеберлігін «Қазақстан» ұлттық телеарнасында көрсетілетін «Екі жұлдыз» шоу бағдарламасының екінші және төртінші маусымдарында көрсетті. Екінші маусымда жұбы айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаевамен, төртінші маусымда әнші Айқынмен өнер көрсетіп, халықтың зор ықыласына бөленді.

Қазақстан ұлттық телеарнасындағы[2] «Айгөлек» [3] балалар байқауына әділ қазы болып, финалға шыққан бүлдіршінмен дуэт болып ән салды.

Актерлік жолы
Актер ретінде өзінің дебюттік рөлін 2010ж. 1 шілдеде «Хабар»[4] арнасында көрермен назарына ұсынылған 12 бөлімнен тұратын Ермек Шынарбаевтың «Астана — махаббатым менің» телехикаясында сомдады. Бұл фильм «Қазақфильм» (Қазақстан) киностудиясы[5] мен «Turkish Radio & Television Corporation» қатысуымен «Eurasia Film Production» киностудияларының біріккен өнімі. Онда Дастан екінші реттік Абзал есімді жағымсыз кейіпкердің рөлін ойнады. Абзал — өз мақсатына жету жолында еш нәрседен тайынбайтын, тіпті достық пен махаббатты да құрбан ететін жан. Актер өз кейіпкерін белгілі мөлшерде түсінуге болады дейді: «Өмірде алдауға тура келетін сәттерде болады, бірақ тек өз шамасында»[6]. Дебюттік рөлі болса да, осындай үлкен жобаның жүгін қиналмай алып шықты. Дастанның рөлі телекөрермендердің жоғарғы бағасына ие болды.

Сондай-ақ «Орда» тобы саундтрэк жазған «Мент» фильмінің режиссері сол кинодағы басты кейіпкерді сомдауға шақырған болатын. Бірақ, уақыт тапшылығына байланысты, актердің бас тартуына тура келді. Және Талғат Теменовтің «Преодоление» атты фильміне де шақырту алған. Алайда, бұл фильмнің сценарийі қайтадан жазылып жатқандықтан, оның түсірілім жұмысы әзірге тоқтатылып тұр.

2012ж. Егор Михалков-Кончоловскийдің басқаруымен қазақстандық киноматографисттердің түсірген жобасы «Жан жүрегім — Астана»[7] көркем фильміне қатысты. Онда актер Джулия Ганидің «Дарина» новелласында эпизодтық рөлде ойнады.

Дастан осы жылдың сәуір айында жарыққа шығатын «Jado Production» мен «Orda brothers» бірлесе түсірген Қазақстандағы алғашқы би туралы Есболат Беделханның «Запрещенные танцы»[8] фильміне түсті. Онда актер Альяска есімді кейіпкерді сомдайды[9].

Қызығушылығы
Хоббиі — ән айтып, би билеу. Сондай-ақ спорттың күрес, боди-билдинг және бокс деген түрлерімен айналысқан. 2012ж. 18 наурыз күні «Хабар» арнасында «Чемпион»[10] атымен тұсауы кесілген жаңа спорттық-сауықтыру думанына қатысып, өзінің бокстан шеберлігін халыққа паш етіп жүр.

Өнермен қатар жеке бизнеспен де айналысады.

Айтқан сөздері
«Сахна мен үшін өте бөлек әлем. Мүмкін мен өмірде өте баяу, көп сөйлемейтін тұйық адам шығармын, бірақ сахнада мен бөлекпін. Тіпті арқам қозып кетеді. Сахна арқылы мен өзімнің тыңдармандарыма ішімдегі жан дүниемді ән арқылы жеткізгім келіп тұрады»
—»Жұлдыздар құпиясы» журналына берген сұхбатында.[1]

Қызықты фактілер
«Орда» тобының жігіттері топтың әрбір мүшесінің ерекшелігі, атқаратын рөлі бар дейді. Дастан — топты алға тартатын күш, «энергиясы».
Дастан КТК[11] телеарнасындағы «Мәссаған» жобасынан үш рет алданған екен. Бір рет «Орда» тобымен бірге, екі рет жеке өзі алданған.
Әнші жанкүйерлерінен алған сыйлықтардың ішінде қолдан жасалған «Қағаз кемені» ең ерекше сыйлық деп санайды.

Жеке орындауындағы әндер
№ Атаулары Ұзақтығы
1. ««Айттым сәлем, Қаламқас»»
2. «»Тұмарым»»
3. «»Миллион жүрек»»

Фильмография

Фильмдер
Уақыты Қазақша атауы Негізгі атауы Рөлі Режиссері
2010 Астана — махаббатым менің Астана — любовь моя Абзал Алибаев Ермек Шынарбаев
2012 Жан жүрегім — Астана/ «Дарина» новелласы Сердце мое — Астана/ новелла «Дарина» Эпизодтық рөл Джулия Гани
Тиым салынған билер Запрещенные танцы Альяска Есболат Беделхан

ARTIST PHOTO

ALBUMS

LYRICS