INFORMATION

Artist Birtday : 01/01/2003 (Age 13)
Born In : Шымкент, ОҚО
Genres : Поп, Той поп, Халық әндері

«Жігіттер» тобы — 2003 жылы Шымкент қаласында төрт жігіттен құралған квартет.

Өнердегі ұстаздары Әбдіхан Нұрмағанбетовтың жетекшілігімен республикалық Арай-2003 байқауына қатысып, бас жүлдеге ие болды. Ел жүрегінен кең орын алған «Ерке қыз» әніне бейнебаян түсіріліп, оңтүстіктің шымыр жігіттері өнер ордасы — Алматы қаласына келді. Продюсері — Ерғали Әбдірайымовтың көмегімен үлкен жетістіктерге қол жеткізіп, өз өнерлерін Алматы қаласында әлі күнге дейін жалғастырып келуде.

Топ құрамы: Айдар Байжанов, Бағлан Әбдірайымов, Ердос Қанаев және Мырзахан Маханов. Бүгінде топ қоржынында екі үнтаспа, 10-ға жуық бейнебаян, 80-ге жуық әндер бар. Дәл қазіргі таңда жаңа екі бірдей әнжинақ пен бір бейнебаянның тұсауы кесілгелі тұр.

Өмірбаяны

Ең алғаш 2003 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында өткен Шәмші Қалдаяқов атындағы халықаралық ән байқауында бақ сынап, өздерінің әншілік қырымен көзге түсіп, сол шабыт арқаландырып Алматыға, үлкен сахнаға келген «Жігіттер» квартеті бүгінде бүкіл қазақ әндерін іздеп жүріп тыңдайтын топқа айналғаны баршаға аян. Алғаш «Ерке қызбен» шыққан бозбалалар – бүгінде бір-бір үйдің отағасы. Шығармашылықта жүрген он шақты жылдың ішінде «Жігіттер» жиі ән жаздырып, жаңа бейнеклиптерін ұсынып жүрді.

«ЖІГІТТЕР» квартеті өздерінің бір сұхбатында: Біз, негізі, балалықпен қосылған топпыз, бізді есейткен – сахна деді.

Топ құрамы

Ердос Қанаев
Ердос Қанаев — туған жері — Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы, Шұбар елді мекені.

Бағлан Әбдірайымов
Бағлан Әбдірайымов: Туған жері — Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы, Ақсу-Жабағлы елді мекенінде 1983 жылы дүниеге келген. Ата-анасы және артынан ерткен қарындасы бар. Үйдің үлкені.

Айдар Байжанов
Айдар Байжанов -Туған жері — Оңтүстік Қазақстан облысы, 1984 жылы 20 шілдеде туған.

Мырзахан Маханов
Мырзахан Маханов — Туған жері — Оңтүстік Қазақстан облысы, 1984 жылы дүниеге келген.

ARTIST PHOTO

ALBUMS