INFORMATION

Artist Birtday : 02/08/1954 (Age 46)
Born In : Қызылорда облысы Қазалы ауданы
Genres : поп, би музыка, фолк

Мәдина Есмалайқызы Ералиева (2 тамыз 1954, Қызылорда облысы Қазалы ауданы — 27 қараша 2000, Қазалы ауданы) —әнші, Қазақстанның халық артісі (1990).

Өмірбаяны

1974 жылы Қызылорда қаласындағы «Мәншүк Мәметова атындағы педагогикалық училищесінің» музыка бөлімін бітірген.
1978 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының музыка факультетін бітірген.
1978 — 1984 ж.Әдебиет және өнер институтында қызмет істеді.
1985 жылдан өмірінің соңына дейін Алматы облысы филармониясының жетекші әншісі болды. Нәзік те сыршыл үн, өзіндік мәнерімен халықтың сүйікті әншісіне айналды. Оның орындауындағы “Ай-қарагөз”, “Ақбаян”, “Жылқы ішінде ала жүр”, т.б. көптеген халық әндері мен “Кіресің жиі түсіме” (Қ.Құрманәлиев), “Сағым жылдар” (Б.Байкенжеев, М.Дәукенова) сияқты қазіргі қазақ композиторларының әндері Ералиеваның өзіне ғана тән әншілік мәнерімен, өзіндік орындау ерекшелігімен, нақыш-бояуымен халық жадында қалды. Ералиева халқымыздың ұлттық ән өнерін насихаттауға елеулі үлес қосты.[1]

Жанұясы

Әкесі — Ерәлі Есмалай. Тарих пәнінің оқытушысы болып, біраз жылдар ұстаздық еткен.
Анасы — Ыбырайқызы Дариға, 1932 жылы дүниеге келген. Тігіншілік өнерімен айналысқан кісі.
Мәдина 8 сыныпта оқып жүрген сәтінде, анасы өкпе ауруынан көз жұмған болатын.
Жалғыз сіңілісі — Ералиева Сағира(1962 ж.)
1981 жылы режиссер — Атабаев Болатпен отау құрып, 1982 жылы өмірге Әрсен атты тұңғыш, әрі жалғыз баланы әкелген.

ARTIST PHOTO

ALBUMS

LYRICS