INFORMATION

Мақпал Мұхамедиярқызы Жүнісова (1964 жылы 11 қаңтарда Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Теректі ауылында туған)- кеңестік және қазақ эстрада әншісі (драмалық сопрано), профессор. Қазақстанның халық әртісі (1994 ж.),- ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері (1999 ж.). халықаралық конкурстардың лауреаты.

Көптеген халықаралық конкурстардың гран-при иегері болған Мақпал Жүнісова 22 жасында Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, 31 жасында Қазақстанның халық әртісі атанды. 1981 жылы Днепропетровск қаласында өткен бүкілодақтық конкурста гран-при иеленіп КСРО-ның ең үздік әйел әншілерінің үздік ондығы кіріп (Роза Рымбаевадан кейін), үлкен танымалдылыққа ие болды. Мақпал Жүнісова сирек талантты әнші, әлем халықтары әндерін шебер орындаушы. Ол бүкіл Қазақстанда, КСРО-ның бұрынғы республикаларында, шетелдерде болып, Отан, махаббат пен достық, адам мен табиғат туралы әндерді шырқады. Қазақтың халық әндерін оның орындауында тыңдау ләззатына ештеңе тең келмейді.

Биографиясы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің мәдени-ағарту факультетін бітірген (1988), ұйымдастырушы-әдіскер. 1981 жылдан бері — «Қазақконцерт» Қазақ мемлекеттік концерттік бірлестігінің солист-вокалисі. Жоғарғы «Ленин-комсомол» сыйлығының иегері (1982 ж.). Халықаралық «Жігер» фестивальінің лауреаты (1983 ж.). Халықаралық «Ж. Малдыбаев атындағы сыйлықтың» иегері (1985 ж. Қырғызстан). Өзбекстан Республикасы президентінің жеке сыйлығы. (1987 ж. Өзбекстан). ҚР Еңбек сіңірген әртісі (1989). «Азия дауысы» Халықаралық конкурсының 2 дүркін «Гран-при» иегері (1996, 1997 ж.) Қазақстан Республикасы президентінің жеке сыйлығының иегері (1998 ж.) Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры (1996 ж.). I. Жансүгіров атындағы Қазақ педагогика институтының профессоры (1997 ж.).

Білімі.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің мәдени-ағарту факультетін бітірген 1988 жылы бітірді.

Марапаттары

Лениндік комсомол сыйлығы — жоғарғы орындаушылық шеберлігі үшін (1982 ж.)
Халықаралық «Ж. Малдыбаев атындағы сыйлықтың» иегері (1985 ж. Қырғызстан).
Өзбекстан Республикасы президентінің жеке сыйлығы. (1987 ж. Өзбекстан).
Халықтар Достығы ордені (Ресей, 1991)
Қазақстан Республикасы президентінің жеке сыйлығының иегері (1998 ж.)
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры (1996 ж.).
I. Жансүгіров атындағы Қазақ педагогика институтының профессоры (1997 ж.).
Халықтар Достығы ордені (Ресей, 1998 ж.).
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы (2004)
«Платиновый Тарлан» премиясын алды (2001 ж.)
Қарағанды облысының құрметті азаматы (2002 ж.).
«Тәуелсіз Тарлан» сыйлығының иегері (2003 ж.).
«Звезда созидания» ордені (2004)
Үрімші ауданының құрметті азаматы (Моңғолия, 2006 ж.)
«Астана» медальінің иегері (2007 ж.)
«Алтын Адам» сыйлығының иегері (2009 ж.)
«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» төсбелгісінің иегері (2011 ж.).
«Алтын микрафон» статуэткасы (2014 ж.)
«Сахна ханымы» атағы (2014 ж.)

Хронологиясы.

1981 — «Қазақконцерт» Қазақ мемлекеттік концерттік бірлестігінің солист-вокалисі.
1985 — Халықаралық «Ж. Малдыбаев атындағы сыйлықтың» иегері (Қырғызстан)
1987 — Өзбекстан Республикасы президентінің жеке сыйлығы. (Өзбекстан)
1996, 1997 ж. — «Азия дауысы» Халықаралық конкурсының 2 дүркін «Гран-при» иегері
1998 — Қазақстан Республикасы президентінің жеке сыйлығының иегері
1996 — Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры
1997 — I. Жансүгіров атындағы Қазақ педагогика институтының профессоры
2007 — «Астана» медальінің иегері
2007 — Эстрада әртісі номинациясында «Қазақстан әйелі» атанды
2011 — «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» төсбелгісінің иегері
2011 — Қазақстанда өткен VII Қысқы Азия Ойындарының факелін алып жүрді
2013 — ҚР Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Мақпал Жүнісованың құрметіне «Мақпал» сән үйлері жүйесі ашылды
2013 — Германия, Монғолия, Қытай, Ресей, Өзбекстан, Франция, Индия мемлекеттеріндегі концерттік турне
2014 — «Алтын микрофон» статуэткасы
2014 — «Сахна ханымы» атағы.[1][2][3][4][5]

Деректер wikipedia сайтынан алынды. Қателік болса комментке жазыңыз.

ARTIST PHOTO

ALBUMS