INFORMATION

«Melo’Men»
тобы 2007 жылдың күз айында құрылды.
Топта 4 кереметтей өнерлі жігіттер бар:
• Қайрат Мырзаханов
• Жігер Ауыпбаев
• Ролан Қазретов
• Ғабит Әбілдаев
Конкурстарға қатысты:
«Халықаралық фестиваль «Шабыт»- 2008 жыл,Сол фестивальде көзге түсе
бастады, содан «Абай Әлемі»- 2009 жыл, Республикалық «Жас Қанат»- 2009
жылы Лауреат атанды!
Жігіттер вокалға,хореографияға,актерлық шеберлікке көп көңіл бөледі!

Репертуардағы әндер:
1. «О,Махаббат»
2. «Арман Шағала»
3. «Қайда»
4. «Тәтті Сезім»
5. «Күн нұрлы ханшайым»
6. МузАрт тобымен Дует – «Келеді Кездескім»
7. «Жаңа Жыл»
8. «Жаратқан Алла»
9. «Қабырден Хат»
10. «Таухид»
11. «Поппури»
12. «Абайла сұлу қыз»
13. «Ана сен бақыттысын»
14. «Әдемі қыз»
15. «Жетімдер»
16. «Салауат»
17. « Махаббатым»
18. «Ана сен бақыттысың»
19. «Бақыт құшағында»
20. «Ұмыта алмау»
21. «Абайла сұлу қыз» және т.б

Топтағы жігіттер жайлы қысқаша мәлімет:
Мырзаханов Қайрат Қамсаұлы 1985 жылы
1 тамызда Шығыс Қазақстан облысы,Үржар ауданы,Келдімұрат ауылында
дүниеге келген. Әкесі — Қамса Сексенбайұлы.Ал анасы — Кәрібаева
Гүлбайра.Отбасында үш ағайынды: Қарлығаш есімді әпкесі және Сандуғаш
есімді қарындасы бар.2002 жылы мектепті тәмамдап, 2003 жылы Заң
колледжін бітіріп шықты.
Ал 2004-2006 жылдары, әскерде отандық борышын өтеді.
Бүгінгі таңда Алматыдағы Ж.Елебеков атындағы эстрада және цирк
колледжінің түлегі.

Ауыпбаев Жігер Жандосұлы 1987 жылы мамыр айының 3 жұлдызында Райымбек
ауданы,Кеген ауылының қарапайым отбасында дүниеге келген.Әкесі — шаруа
қожалығында,ал анасы аудандық маслихатта қызмет етеді.Отабасында алты
ағайынды Гүлнұр атты әпкесі,Алмас есімді інісі,Айым,Назерке,Ақжан есімді
қарындастары бар.
Бүгінгі таңда Ж.Елебеков атындағы эстрада және цирк колледжінің түлегі.

Хазіретов Ролан Мәлікұлы 1988 жылы
13 шілдеде Алматы облысы,Алакөл ауданы, Қабанбай ауылында дүниеге
келді.Анасының есімі-Баян,әкесінің есімі-Мәлік.Отбасында үш
ағайынды,өзінен үлкен Нұрлан және Руслан есімді екі ағасы бар.Ауылдық
мектепте
9-сыныпты бітірген соң,Талдықорған экономика-тенхнологиялық
колледжіне,салық мамандығы бойынша білім алған.
Бүгінгі таңда Ж.Елбеков атындағы эстрада және цирк коледжінің түлегі.

Әбілдаев Ғабит Бибасыұлы 1987 жылы
11 маусымда Шымкент қаласында дүниеге келді.Отбасында үш ағайынды.Әкеcің
есімі — Бибасы.Ал анаcың аты Мейрамгүл.Үйдің үлкені.Өзінен кейін Дастан
және Бақыт деген інілері бар.Балалық шағы Шымкент қаласындағы №26
Ж.Жабаев атындағы орта мектепте білім алды.Одан кейін Алматыға келіп,
М.Тынышпаев атындағы Қазақ Көлік және Коммуникация Академиясында білім
алған. Бүгінгі таңда Т.Жүргенов атындағы Өнер Академиясының түлегі.

ARTIST PHOTO

ALBUMS