Меруерт Түсіпбаева

МӘЛІМЕТ

Artist Birtday : 06/08/1971 (Age 48)
Туған Жері : Павлодар облысы Баянауыл ауданы

Меруерт Балғабайқызы Түсіпбаева (1971 жылы 6 тамызда Павлодар облысы Баянауыл ауданында туған) — қазақстандық танымал эстрада әншісі, кино актриса, тележүргізуші. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2015). Қазақстан жастар одағы сыйлығының иегері (2000). Педагогика ғылымдарының кандидаты (2009).

Толығырақ
Меруерт Балғабайқызы 1971 жылы 6 тамызда Павлодар облысы Баянауыл ауданында дүниеге келген.
1995 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «музыкалық театр актері» мамандығы бойынша Қазақстанның халық артисі, профессор Тілектес Мейрамовтың классын бітірген.
1995 – 2001 жылдары Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актрисасы болды. Осы театрда жүріп, Ғ. Мүсіреповтың «Ұлпан мен Есеней» спектаклінде Ұлпан рөлін, М.Ақынжанов, А.Әшімовтың «Алтын сақасында» Күнбала рөлін, М.Шаханов пен Ш. Айтматовтың «Сократ» спектаклінде Нуриді және т.б. елге танымал койылымдарда аса биік актерлік шеберлік көрсете білді.
1996 жылдан жеке шығармашылықта.

Шығармашылығы

1996 жылы «Қимай сені барамын» атты әнімен (әні: композитор, мемлекеттік сыйлық иегері Т.Мұхаммеджановтікі сөзі: ақын, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ш.Сариевтікі) атты толық форматты биік кәсіби деңгейде бейнебаян шығарған бірінші қазақтілді әнші-актриса, бейнебаян сол жылы «Алтын жұлдыз» конкурсында республикалық видеороликтердің ең үздік үштігіне енді.
1998 жылдан Сүйенбай атындағы Алматы облыстық филармониясының вокалисі ретінде республика аумағы және шетелдерде мәдени іс-шараларға белсене ат салысты.
1998 жылы «Кимай сені барамын»
2001 жылы «Сен және мен»
2006 жылы «Біржанға арнаймын»
2009 жылы «Сенің туған күніңде» атты альбомдары жарық көрді.
2006 жылы 10 жылдық шығармашылығына арнап Республика Сарайында жеке концертін өткізді.
2009 жылдан педагогикамен шұғылдана бастады. Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының және Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университетінің оқытушысы.

Кино рөлдері

1997 жылы «Омпа» фильмінде Шәмшінің рөлі (реж: С.Нарымбетов);
«Здравствуйте, доктор» қысқаметражды фильмінде Жәмиля рөлін (реж: Б.Мұстафин);
2011 жылы «Қазақстан» ұлттық арнасындағы «Құрдастар» сериалында ойнады.
2015 жылы Хабар телеарнасынының тапсырысымен түсірілген «Құстар әні» көркем фильмінде музыкант рөлі;
2015 – 2016 жылы «Астана» телеарнасындағы «Жібек», «Жібек 2» телесериалында басты рөлде ойнады.

Марапаттары

2000 жылы Қазақстан жастар одағы сыйлығының лауреаты.
2006 жылы «Қазақстанның Мәдениет қайраткері» құрметті атағы берілді.
2009 жылы Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми атағы берілді.
2015 жылы Елбасының жарлығымен «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағымен марапатталды.
2016 жылы Халықаралық қазақ тілі қоғамының І дәрежедегі «Қазақ тілі» алтын медалінің иегері.
Отбасы
1 ұл баласы бар.

ОРЫНДАУШЫ СУРЕТІ

АЛЬБОМДАР

ЖАРНАМА