INFORMATION

Artist Birtday : 01/01/2001 (Age 15)
Born In : Алматы
Genres : Эстрада, Халық Әндері

МузАРТ — Қазақстандық вокалды-аспапты ансамбль. «МузАРТ» – көне түркі тілінен шыққан, «УЗ» – сал, сері, тағы сол сияқты ер азаматқа тән қасиеттерді, ал «АРТ» — биік, шың, тау деген мағынаны білдіреді.

Топ алғаш құрылғанда құрамында үш әнші өнер көрсетсе, қазіргі уақытта ВИА сегіз мүшеден тұрады: Мейрамбек Бесбаев, Сәкен Майғазиев, Кенжебек Жанәбілев, Ғалымжан Артықбаев, Ерлан Құлахметов, Бексұлтан Арман, Ерік Жасақбаев. Сонымен қатар, топтың құрамында Мақсат Базарбаев және Болат Жолдасовтар өнер көрсетті. Топ құрылғалы бері топтың арт-директоры қызметін Ерлан Жүнісбай, музыкалық продюсері қызметін Бексұлтан Арман атқарып келеді.

Топтың тарихы

МузАРТ ансамблі
МузАРТ тобы 2001 жылдың сәуір айында құрамында Сәкен Майғазиев, Мейрамбек Бесбаев және Мақсат Базарбаев бар трио ретінде құрылған. Топтың алғашқы орындаған әні – Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған Қанат Ибраимовтың «Сенің көзің» атты шығармасы. Бұл әнді олар алғаш рет Алтынбек Қоразбаевтің концертіне алып шығады. Содан бері МузАРТ елге таныла бастаиды.

2003 жылы 16-17 желтоқсан «Өз елім» атты жеке концерті өтті.
2003 — 2004 Қытай Халық Республикасында және Ресейде ән сапары өтті.
2005 жылы топ мүшелерінің бірі Мақсат Базарбаев жеке әншілік жолына түсіп, орнына топтың жаңа мүшесі ретінде Кенжебек Жанәбілов келеді.
2006 жылы Түркия елінде жеке концертін берді.
2007 жылы «МузАРТтың» құрамы кеңейтіліп, топ вокалды – аспапты ансамбль ретінде өз жұмысын бастады.
2008 жылы мамырда «МузАРТ» ансамблінің есеп беру концерті өтті.
2008 жылы 14 желтоқсан Ансамбль Ресейдің Санкт-Петербург қаласында жеке концертін берді.
2009 жылы Алматы облысындағы «Максимум» Акционерлік Қоғамы өнімдерінің біріне ансамбльдің атын беруді ұсынды.
2011 жылы «МузАРТ» тобына 10 жыл толуына байланысты 27 сәуір күні Астана қаласындағы «Қазақстан» орталық концерт залында мерейтойлық концертері өткізіледі.
2013 жылы «МузАРТ» тобына 12 жыл толуына байланысты 20-сәуір күні Алматы қаласындағы Республика Сарайында концерт берді. [1] * 2016 жылы «МузАРТ» тобына 15 жыл толуына орай 8 шілде күні Астанада «Қазақстан» орталық концерт залында үлкен концерттерін берді.

Шығармашылығы
«МузАРТ» вокалды-аспапты ансамблінің орындайтын әндерінің көпшілігі эстрада жанрына жататын шығармалар. Сонымен қатар, ансамбль репертуарынан халық әндері мен ретро әндерді де табуға болады. 2011 жылға дейінгі он жылдық тарихында 46 ән жазған. Олардың қатарында «Өз елім», «Шынарым», «Шашбаулым», «Қазақтай ел қайда», «Сағындым Алматымды», «Үшқоңыр», «Анаға сәлем», «Қайран көңіл» атты әндері бар. 3 альбомы жарық көрген: «Сенің көзің», «Әттең-ай» және «Есіңе ал».[1]

Жетістіктері
«МузАРТ» тобының әншілері Сәкен Қордабайұлы Майғазиев, Мейрамбек Әбіләшімұлы Бесбаев және Кенжебек Тұрсынбайұлы Жанәбіловтер «Дарын» жастар сыйлығының иегерлері болып, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткерлері атанды. Алтын Самұрық «Ұлттық үздік әнші жүлдесі» жобасының он үздігінің қатарына енгені үшін марапатталды.[1] 2013 жылы қыркүйекте MUZZONE телеарнасынын ЕМА премиясында МузАРТ тобы «Үздік ұжым» номинациясын жеңіп алды.

Топ мүшелері
Сәкен Майғазиев — 1975 жылы1 -қаңтарда ОҚО, Созақ ауданында туған. 1997 жылы үйленген, әйелінің аты — Динара, ұлының аты — Әділет 1998 жылы дүниеге келген, қызы — Раяна 2014 жылы дүниеге келген, қызы — Мариам (2016).
Мейрамбек Бесбаев — 1976 жылы 8-қарашада Жамбыл облысы, Меркі ауданында туған. Үйленген. Жарының есімі — Мархабат, қызы — Кәусар, ұлы — Әбухайыр (2015).
Кенжебек Жанәбілев — 2005 жылы топ құрамындағы Мақсат Базарбаевтің орнына келген. Бір ұл, екі қыздың әкесі.

ARTIST PHOTO