INFORMATION

Artist Birtday : 07/11/1973 (Age 43)
Born In : Қордай ауданы, Жамбыл
Genres : Той поп, халық әндері, поп

Саят Қабылұлы Медеуов (1973 жылы 7 қарашада Жамбыл облысы Қордай ауданында туған) — әнші. Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері (2015).

Саят Қабылұлы 1973 жылы 7 қарашада Жамбыл облысы Қордай ауданы Кенен ауылында дүниеге келген.

Әкесі — Қабыл еңбек ардагері.
Анасы — Нұрғайша.
Алматы № 14 техникалық кәсіптік училищесін бітірген.
2001 — 2005 жылдары Ж.Елібеков атындағы Республикалық эстрда-цирк колледжінің «эстрада-вокал» мамандығы бойынша бітірген.
1998 жылдан шығармашылықта.

Саят Медеуов 1998 жылдан республика жұртшылығына таныла бастады.
«Көк шолақ», «Сен көріктісің», «Алтыным», Кенен Әзірбаевтің «Бозторғай», «Қайран жастық», Халық әндері «Самал тау», Ө.Байділдаевтың «Туған жер», Е.Сыпаналиевтың «Мен сені қалай сүйгенмін» және «Саған арнадым», «Өзіңді аңсап», «Ауылым», «Әке», Қ.Бисенбаевтың «Қызға тілек» және т.б көптеген әндері бар.
2005 жылы 17 сәуірде Ең алғашқы Республика Сарайында жеке шығармашылық есеп беру концертін берді.
2015 жылы Алматыда. 2016 жылы Астанада Конгресс Холлда «Отаным менің» атты жеке шығармашылық есеп беру кештері өтті.

Саят Медеуов 2017 жылдың 26 наурыз айынан бастап Алматы облысы Қарасай ауданының №14 округіне Мәслихат депутаты болып сайланды.

2014 жылы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының Үздігі» құрметті төсбелгісімен марапатталды.
2015 жылы Елбасының жарлығымен «Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді. (Астана).

Отбасы
Үйленген. 4 қызы бар.

ARTIST PHOTO

ALBUMS