INFORMATION

Artist Birtday : 15/07/1965 (Age 51)
Born In : Атырау облысы, Индер ауданы, Индер поселкесі
Genres : бард, шансон

Табылды Досымов Қазақтың тұңғыш бард ақыны (1965 жылы 15 шілдеде Атырау облысы, Индер ауданы, Индер поселкесінде туған — 2010 жылы 19 қазан, Индер поселкесі) — 1982 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дың журналистика факультетіне оқуға түскен. 1990 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық мемлекеттік университетінің журналистика факультетін тамамдаған. 1983—1985 жылдар аралығында Германияда әскери борышын өтеген.

1990 жылы арнайы жолдамамен Атырау телерадиокомитетіне келіп, жаңа облыстық телевизияның қүрылуына атсалысқан. 1992 жылы облыстық Нұрмұхан Жантөрин атындағы мемлекеттік филормонияда шығармашылық жүмыстармен айналысқан. «Желтоқсанның жебесі» атты жас талаптар тобының жетекшісі, 1993 жылы Индер аудандық тіл басқармасының бастығы, 1995 жылы облыстық дәрежедегі Махамбет қорының директоры қызметін атқарған. 2000 жылдан бері Индер аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы.

«Жанарымның жарқылы» (2000), «Ұнатамын мен сені» (2002) жыр жинақтарының авторы. «Жайықтың толқындары», «Табылдың әні» атты өлеңдер мен ән мәтіндері жинақтарының авторы. Ғұмырында жанына гитраны серік еткен Табыл Досымов жайлы замандастары мен қаламгерлердің естеліктері аз емес. Өлеңдері кітап болып басылып, оқырмандар арасында қолдан қолға өтті. Әндері кең байтақ елінің рухын көтерді. Белгілі жазушы Жұмабай Құлиев пен журналистер Серік Жанболат, Қаншайым Байдәулетова мен Тәуірбек Жұмабергенұлы дайындаған «Із тастап аққан бір жұлдыз» атты Табылға арналған ғұмырнамалық кітап шығарып, оқырмандарына тамаша тарту жасады. Республикалық «Үкілі үміт» байқауының дипломанты, облыстық Жастар сыйлығының лауреаты (2000), Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет қайраткері» белгісімен марапатталған (2003).

Шығармалары
Жанарымның жарқылы. Өлеңдер. А, «Зерде», 2000;
Ұнатамын мен сені. А., «Өлке», 2001;
Ұнатамын мен сені. Әндер жинағы. А., «Үш қиян», 2002;
Жайықтың толқындары. Ән мәтін дәрі. А., «Өлке», 2004;
Табылдың әні. Авторлық әндер мәтіндері. «Ақтөбе», 2007.[1]

ARTIST PHOTO

ALBUMS