INFORMATION

Born In : Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Байғұл ауылы
Genres : Эстрада, Поп, Халық Әні

Әбілдина Қарақат — қазақ дәстүрлі әнін насихаттаушы, халық және эстрада әндерін орындаушы. Нартай Бекежанов мұрасын насихаттаушы және орындаушы.Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

Өмірбаяны
1978 жылы Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Байғұл ауылында туған. Қазақ.

Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының «Домбырамен халықтық ән айту» классын педагог, «Дарын» Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Сәуле Жанпейісовада; орындау шеберлігі бойынша аспирантураны (2004) педагог, профессор, Қазақстанның Халық әртісі Қайрат Байбосыновта бітірген.

Шығармашылығы
2003 жылдан — «Гүлдер» мемлекеттік ансамблінің жетекші солисі. 2005 жылы «Ару ғұмыр» алғаш жеке шығармашылық концертін берген.

Марапаттары
«Шабыт» халықаралық конкурсының дипломанты (2001).
Қазақстанның Жастар одағы сыйлығының лауреаты (2005).
«Жылдың теңдессіз ұлттық әншісі» номинациясында «Алтын Самұрық» конкурсы I сыйлығының иегері (2006).
Санкт-Петербург қаласындағы халықаралық балалар байқауына қатысқан (1993),
Бельгияда жеке концерттік бағдарламасымен өнер көрсеткен (1999), ҚХР (Шанхай,
2004) және Австриядағы (қазан, 2005) Алматы қаласының Мәдениет күндеріне арналған концерттерге қатысқан.

2013 жылы ҚР президентінің қолынан «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағын алды.

Отбасы
Тұрмыс құрған. Жұбайы — Болманов Қыдырәлі Нұртайұлы. Ұлдары — Бекболат, Иманәли, Нұрәли,Айсұлтан.[1]

ARTIST PHOTO

ALBUMS

LYRICS