INFORMATION

Artist Birtday : 19/05/1964 (Age 52)
Born In : Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы
Genres : Халық Әні, Поп

Қыдырәлі Нұртайұлы Болманов

Қыдырәлі Нұртайұлы Болманов (19 мамыр 1964, Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы) — қазақ тілді әнші, продюсер, бизнесмен, философия ғылымдарының докторы (2015).

Өмірбаяны
Алматы театр-көркемөнер институтын бітірген (1991).
1995 жылы «Айналайын» деп аталатын алғашқы жеке альбомын шығарған.
1996 жылдан — «АБК» тобының негізін қалаушы, мүшесі және бас продюсері.
2001 жылдан — «Гүлдер» ансамблінің көркемдік жетекшісі.
2005 жылдың қаңтарынан 2007 жылдың қаңтарына дейін — Алматы қаласы Мәдениет департаментінің директоры.
2008 жылдың сәуірінен — Астана қаласы Мәдениет департаментінің директоры.

Қоғамдық жобалары
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы комиссиясының мүшесі және Қазақстан жастар одағы сыйлығын тапсыру бойынша комиссияның төрағасы.

Шығармашылық жетістіктері
«Жігер» республикалық конкурсының (1988),
Қазақстан жастар одағы сыйлығының (1994),
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының (2000),
Грозный қаласы Бүкілодақтық студент жастар конкурсының I сыйлығының (1987),
Данияда өткен «Борнхольм-90» халықаралық конкурстың I сыйлығының (1990),
Литвада өткен «Вильнюс» халықаралық конкурсының III сыйлығының лауреаты (1993).
«Азия дауысы» халықаралық конкурсының дипломанты (1991).
Голливудта өткен орындаушылық өнерден халықаралық чемпионатта «Басқаларға ұқсамайтын вокал» номинациясы бойынша I орынды және алтын медаль алды (АҚШ, 2001).
Шешенстан мен Ингушетия Республикаларының Еңбек сіңірген өнер қайраткері (2005).
2013 жылы желтоқсан айында Қазақстан Республикасының жоғарғы мемлекеттік марапаты «Құрмет ордені» мен елбасының жарлығымен марапатталды.

Отбасы
Жұбайы — Қарақат Әбілдина әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері. Ұлдары — Бекболат, Иманәлі, Нұрәли,Айсұлтан.[1]

ARTIST PHOTO

ALBUMS