INFORMATION

Artist Birtday : 01/01/1994 (Age 22)
Born In : Алматы
Genres : этно-поп, поп

Үркер (Urker) — қазақтың этно-поп стилінде жұмыс істеп келе жатқан музыкалық ұжым. 1994 жылы Алматы қаласында құрылған.Топ этно-поп стилінде жұмыс істеп келеді. «Үркер» жұмыс істеп келген уақыт ішінде көптеген халықаралық конкурстарда жеңіске жетті, топ Германия, Түркия, Ресей, Францияның поп-музыка фестивальдарына қатысты. Хит-парадтарда бірінші орындарға да қол жеткізді. Топ лидері Айдос Сағат – ҚР композиторлар Одағы басшылығының мүшесі, халықаралық пианисттер конкурсының лауреаты, ҚР Президенті жанындағы жастар жөніндегі Кеңес мүшесі.

Отанының шын патриоттары
«Үркер» тобы өз шығармашылығында патриотизм және ұлттық құндылықтарды жаңғырту мәселесін алғашқылардың бірі болып көтере бастады. Қазіргі таңда топ Қазақстанда ең сыйлы да сәтті музыкалық жобалардың қатарында. Қ. Мырзалиев, И. Сапарбаев сияқты танымал ақын-жазушылармен бірге жазылған «Наурыз», «Мой Казахстан», «Ән-мекен», «Туған елім» секілді патриоттық және «Жаным», «Сәулем-ай», «Періште», «Махаббат әні» халыққа сүйікті болған лирикалық өлеңдерді сүйсінген тәуелсіз Қазақстанның ұрпағы өсіп шықты. «Махаббат әні» атты өлеңге түсірілген бейне-клип MTV Russia телеарнасында тегін ротацияға ие болған жалғыз қазақ клипі болды. «Үркер» сонымен бірге аудиториясы 26 000 000 көрермені бар америкалық LINK TV телеарнасында клиптері шыққан жалғыз қазақ музыкалық тобы және You Tube халықаралық интернет порталында ең көп қызығушылыққа ие қазақ тобы.

Халықаралық аренада
Қазіргі таңға «Үркер» тобы 17 жылдық шығармашылық ғұмыры ішінде көптеген альбомдарын шығарып, 20 шақты бейне-клиптер түсіріп, республиканың түкпір-түкпірлерінде концерттерін өткізіп үлгерді. Топ Астананың Презентациясы мен «Millennium Party Astana» секілді мемлекеттік деңгейдегі шаралардың қатысушысы болды. «Үркер» көптеген конкурстар мен фестивальдар қатысушысы. Солардың қатарында «Азия Дауысы», «Жас қанат» — (2-сыйлық лауреаттары), Түркияда өткен бірініші халықаралық түркітілдес елдер поп-музыкасының конкурсы (1998)-(лауреат), Қырымда өткен «Жібек жолы» Фестивалі, «Космодром» (Новосібір), «Нашествие» т.б. Топ өлеңдері BBC, Radio France Internacionale, Funkhouse Europe (Германия), Наше Радио (Ресей). «Үркердің» өлеңдері Германия (Asia Garden) мен Италияда (Inner Asia Pop) CD-лері жарыққа шықты. Топ Ұлттық музыкалық сыйлығының «2000 ж.Үздік тобы» номинациясында лауреат атағына ие болды, «Наурыз» өлеңі 10-жылдықтың үздік өлеңі атанғаны үшін «Алтын диск» жүлдесіне ие болды, Британдық «Visiting Arts» өнер каталогына енгізілді.

Асыл мұрат
Елдің мәдени элитасының өкілдері ретінде дүниежүзі қазақтарының диаспора өкілдерінің мәдени тұрғыдан біріктіру өздерінің басты миссиясы деп санайды. Осы мақсатта ұжым Ұлыбритания, АҚШ, Ресей, Гонконг, Түркия, Түркменстанда гастрольдер ұйымдастырды. Ол елдерде тұратын қазақтарға патриоттық сезімдерді оятуға бұл шаралар зор әсер етті.

Топтың негізгі құрамы
Айдос Сағат – музыка, вокал, пернетақта.
Рустам Мусин – гитара.

Күйтабақтар тізімі
Urker (2000)
Made In Kazakhstan (2002)
The Best Of Urker (2004)
Tolgau (2008)
Мне не забыть… (2009)
Шетелдік CD жинақтарда[өңдеу]
Asian Garden (2005) Алмания
Дети разных народов (2005) Ресей
Inner Asia Pop (2006) Италия

ARTIST PHOTO

ALBUMS

LYRICS