INFORMATION

Artist Birtday : 22/07/1991 (Age 25)
Born In : Алматы, Қазақстан
Genres : поп, хип-хоп

Әли Тасқынұлы Окапов (22 шілдеде 1991 жылы Алматы қаласында туған.) — эстрадалық әнші, биші. Алғаш Қазақстанды халықаралық деңгейде танытқан Роза Рымбаеваның ұлы.

Отбасы
Анасы Роза Рымбаева, әкесі Тасқын Окапов (1948-1999), інісі Мәди (2000).

Білімі
Күләш Бәйсейітова атындағы музыкалық мектептің фортепиано сыныбын бітірген. 2010 — 2011 жылдары Астанадағы ҚАЗНУИ университетінде білім алған. Сол жылдары Темірбек Жүргенов атындағы университетте білімін жалғастырды .

Мамандыққа келуі
2008 жылы » black style dance studio» жерінде биден сабақ берген. Сол жылдары hot 10 band live командасының клавишнигі болып жұмыс атқарды. 2009 жылы slang тобының солисті болды .

Марапаттаулар
Алматыда болған дельфийские игры сайысының 2-ші орын жүлдегері. Алматы жүрегімде байқауында 2-ші орынды иеленеді. Қазақстандағы жұлдыздар фабрикасы жобасының финалисті. 2012 жылы Саз әлемі жабасында Баян Есентаеваның жыл жаңалығы номинациясына иеленді.

ARTIST PHOTO

ALBUMS

LYRICS