INFORMATION

Artist Birtday : 18/01/1997 (Age 19)
Born In : Талдықорған
Genres : Поп

-Әлішер, қай жердің тумасы боласыз?

Әлішер: Мен 1997 жылы 18 қаңтарда Талдықорған қаласында дүниеге келгенмін, қазіргі уақытта да осы қалада тұрып жатырмын.

-Өнерге келуге не себеп болды? Әлішер: Қайрат Нұртас ағамыздың тойда билеп, ән айтқанын көріп менде де ән айтуға деген қызығушылық пайда болды.

-Осы өнеріңіз кімнен дарыған? Әлішер: Әжемнен дарыған деп ойлаймын. Десек те, «әу» демейтін қазақ жоқ қой -Қайрат Нұртаспен дуэт жаздыра беру әрбір адамның қолынан келе бермейді, қалай ол кісімен дуэт жаздырдыңыз әлде туыстық қатынастарыңыз бар ма? Әлішер: Жоқ, туыстық емес, бұйырған шығар, біз одан сұрадық «сізбен дуэт айтсақ бола ма?» дегенбіз ,»Жарайды студияға келіңіз даусыңызды тыңдап көрейік, екеуіміздің даусымыз дуэтке келе ме екен!»,- деп бір ән айтып «даусың жақсы екен»,- деп Алматы түні әнін дуэтте шырқадық, содан кейін тағы да 2-3 ән жаздырған болатынбыз.

-Демек Ең бірінші жаздырған әніңіз сол болғаны ғой? Әлишер: Иә, дұрыс айтасыз ,»Алматы түні» әні.

-Қазіргі таңда қоржыныңызда қанша ән бар? Әлішер: 15 шақты әнім бар, 3 бейнебаян түсіріп үлгердім, көрермендерге ұнайды деген үміттемін. Бейнебаяндардың алғашқысы Қайрат Нұртаспен «Алматы түні» әніне, сосын жеке «Әдемім» және «Қоштасу» атты әндеріме түсірілді, ал бүгінгі концертте 10 әнімді шырқайтын боламын.

-Жұлдыз ауруымен ауыра қоймаған шығарсыз? Әлішер: Жоқ, Алла сақтасын! -Ауырамын деп қорықпайсыз ба? Әлішер: Сабырлы болу керек қой, әкем «Қашан да сабырлы бол» деп үйреткен. -Өмірде мінезiңіз қандай? Әлішер: Жуас адам сияқтымын, мінезім туралы мені танитын басқа біреу айтпаса, өзім айта алмаймын.

-18-ге толмағандықтан әзірге көлігіңіз жоқ, автобусбен жүресіз бе? Әлішер: таксимен жүремін.

-Көшеде танып жата ма? Әлішер: Жәйлап-жәйлап танып жатыр…

-Бүгінгі концерт жақсы өтеді деп ойлайсыз ба? Әлішер:Енді дайындыққа қарағанда жақсы өтеді деген ойдамын. -Сұхбатыңызға рақмет! Алла разы болсын!

Толығырақ: https://massaget.kz/blogs/8407

ARTIST PHOTO

ALBUMS