INFORMATION

Artist Birtday : 25/09/2017 (Age -1)
Born In : Алматы
Genres : q-pop, поп, рэп
Agent : Ерболат Беделхан

Ninety One немесе 91 (/ˈnaɪnti wʌn/, қаз. «Тоқсан бір») — JUZ Entertainment агенттігінің 2015 жылы «Айыптама» атты синглмен дебют алған, 5 мүшеден тұратын қазақстандық бойс-бэнд. Топ мүшелері: A.Z., ALEM, ACE, ZaQ және BALA. Топ k-pop жанрынан бастау алып, q-pop (qazaq/қазақ-поп) жанрының іргесін қалады. Топтың бас продюсері — ORDA тобының мүшесі Ерболат Беделхан.

Топ мүшелері

A.Z
Азамат Байболатұлы Зенкаев — топ көшбасшысы, рэпер, 1993 жылдың 28 қыркүйегінде Атырау қаласында дүниеге келген. Отбасында өзінен басқа әпкесі және інісі бар. 2004 жылдан бастап рэпке қызығушылық пайда болып, фристайл баттлдарға қатысқан. 2006 жылдан бастап андэрграунд рэппен профессионалды тұрғыда айнылысады. K-TOP IDOLS» жобасының жеңімпазы.

ALEM
Батырхан Абайұлы Малік — топ вокалисті, 1993 жылдың 18 ақпанында Өзбекстан Республикасының Үшқұдық қаласында дүниеге келген. Отбасында өзінен бөлек ағасы және қарындасы бар. Ресейдің Челябі қаласында Мәдениет және өнер академиясын аяқтаған, сонымен қатар музыка мектебінің домбыра классында оқыған. «Қазақстан Дауысы» атты республикалық вокалды телевизиялық шоу жобасының финалисті. Х-фактор жобасының жартылай финалисті. Барселона (Испания), Берлин (Германия) және Ресей қалаларында өткен халықаралық конкурстар лауреаты.

ACE
Азамат Қайратұлы Ашмақын — топ вокалисті, биші, 1993 жылдың 29 тамызында Алматы қаласында дүниеге келген. Інісі бар. Темірбек Қараұлы Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының колледжінде актерлік шеберлік мамандығын бітірген. Оңтүстік Кореялық продюсерлік SM Entertainment (кор. SM엔터테인먼트) атты музыкалық агенттік аясында 2012-2015 жылдары Корея Республикасында білім алып келген. Сондықтан қазақ және орыс тілдерінен бөлек корей тілін біледі. Мистикалық және эзотерикалық кітаптарды оқығанды жақсы көреді.

ZaQ
Дулат Болатұлы Мұхаметқали — хореограф, рэпер, 1996 жылдың 8 ақпанында Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласында дүниеге келген. Отбасында өзінен бөлек інісі және қарындасы бар. Үржар ауданы Үржар ауылындағы «Ілияс Жансүгіров» атындағы орта мектепте 11 жыл оқыған. Абылайхан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің 2 курс студенті. Орыс тілінен халықаралық олимпиада жеңімпазы.

BALA
Данияр Ақылбайұлы Құлымша — топ вокалисті, 1998 жылдың 19 ақпанында Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Отбасында өзінен бөлек інісі және қарындасы бар. Сурет салғанды ұнатады. Ж. Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк өнері колледжінің 1 курс студенті. «Brotherhood» аспапты тобының бұрыңғы мүшесі.

ARTIST PHOTO

LYRICS

1. Bayau