LYRIC

Сырласып талай бейнемен,
Тарқаса дағы бар мұңым.
Ұқпаймын сені кейде мен,
Кеудемде соққан тағдырым!

Бақыттың ұзап бағынан,
Сорлатып кейде қоясың.
Жақсының қашып жанынан,
Құшақты жатқа жаясың…

Бұл махаббатқа таң қалам!
Жанымды өртеп лаулаған!
Ойда жоқ кезде от болып,
Жанатын кезде жанбаған!

Өзгерер өмір өзгерер,
Өзгермесе де əр таңым.
Қинамас мұнша өзгелер,
Өз жүрегімнен қорқамын.

Шынарды шыңнан құлатып,
Адасып жүрміз бəріміз!
Аяулы жанды жылатып,
Басқаны неге қалаймыз?

Бұл махаббатқа таң қалам!
Жанымды өртеп лаулаған!
Ойда жоқ кезде от болып,
Жанатын кезде жанбаған!


Added by

wolf

SHARE

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

VIDEO