LYRIC

Білмеймін қандай өмір кешудесің
Дегенмен сен әлі де есімдесің
Сағым боп жазған маған хаттарыңның
Санамда сақтап жүрмін көшірмесін
Белгісіз қайда екенің қай жақтарда
Сағынып шерлі жүрек жай тапқан ба
Бейнеңді елестетіп жұбанамын
Кей сәтте жалғызсырап ой батқанда
http://kazchords.kz — аккорды и тексты казахстанских песен
Қ-сы:

Есімдесің мен сені ұмытпағам,ұмытпағам
Санамды сендегі сезім құрықтаған
Сезімім адал еді саған деген, саған деген
Жүрегіме мәңгілік құлыптаған

Білгем жоқ қандай өмір кешудесің
Бірақ сен есімдесің есімдесің
Қиналып жүрмін әлі өшіре алмай
Санамдағы хаттардың көшірмесін
Белгісіз қайда екенің қай жақтарда
Сағынып шерлі жүрек жай тапқан ба
Бейнеңді елестетіп жұбанамын
Кей сәтте жалғызсырап ой батқанда

Қ-сы:

Есімдесің мен сені ұмытпағам,ұмытпағам
Санамды сендегі сезім құрықтаған
Сезімім адал еді саған деген, саған деген
Жүрегіме мәңгілік құлыптаған

Қ-сы: х4

Есімдесің мен сені ұмытпағам
Санамды сендегі сезім құрықтаған
Сезімім адал еді саған деген
Жүрегіме мәңгілік құлыптаған


Added by

OlzhasOmar

SHARE

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *