LYRIC

Білемін жаным білемін
Сағынды оны жүрегің
Жырыммен сені жұбатам
Досың боп өмір сүремін
Сағым боп тәтті шақтары
Күндерден шаттық таппадың
Сарғайды білем күз келмей
Жаныңның жапырақтары
http://kazchords.kz — аккорды и тексты казахстанских песен
Қ-сы:

Арманың сені алдаса
Мұңая берме жанеркем
Жаныңды тербеп тұратын
Махаббат мұңлы ән екен
Махаббат мұңлы ән екен

Тұңғұйық сезім тербетіп
Ұйқыңды үміт ұрлайды
Өкініші көп өмір бұл
Махаббат мұңсыз болмайды
Жас алып жиі жанарға
Сағыныш сазы санаңда
Жаныңа серік іздейсің
Жалғыздық дейтін аралдан

Қ-сы: х3

Арманың сені алдаса
Мұңая берме жанеркем
Жаныңды тербеп тұратын
Махаббат мұңлы ән екен
Махаббат мұңлы ән екен


Added by

OlzhasOmar

SHARE

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *