АККОРДЫ

D
Сен неткен көрікті едің…
Bm G D
Еркелеп елең қаққан елік пе едің,
G Em
Түс көрсем өзің жайлы арман елес,
C A D
Қағады тереземді келіп менің.

D
Сен неткен сүйкімді едің…
Bm G D
Түндерде мені өбеді сиқыр демің,
G Em
Тербейді тосын мұң мен жыр кеудемді,
C A D
Келмейді сосын мүлде ұйқым менің.

D
Сен неткен нәзік едің…
Bm G D
Жайдарың шуақ шашқан жаз-реңің,
G Em
Қайғысын көңілімнің ұмыттырған,
C A D
Ай мүсін ару қалқа наз-керім.

D
Сен неткен ұяң едің…
Bm G D
Кеудемнің күмбірлеткен күй әлемін,
G Em
Жыр қанат байлап ұшқан өмірімді,
C A D
Бір қарап күлгеніңе қияр едім.


Қосқан

OlzhasOmar

БӨЛІСУ

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған