LYRIC

Хабар алшы хабар ал хабар алшы өтінемін
Ғайып болып барасың өзіңе әзер жетіп ем
Жұлдыз ұшып барады мас қып сезім шарабын
Хабарласшы жаным-ау хабарласшы бағым-ау
Көптен күткен үніңді естейінші хабарлас

Сенсіз уақыт өтуде неге өзгердім кенеттен
Өтінемін хабарлас үміт жүрек бөлеткен
Лүпілі кеп соққандай жүрегіңнің бір үні
Мүмкін мені өзгерткен мүмкін мені өзгерткен
Телефонның шырылы
Хабарласшы хабрлас

Тағдырымда бар екен қалай өтем сұрамай
Уәде берем өзіңе сені ұмытам жыламай
Сезімдерді құшып ап ұмытуға барамын
Өзіңсіз-ақ әлі алда мен бақытты боламын
Өзіңсіз-ақ әлі алда мен бақытты боламын


Added by

OlzhasOmar

SHARE

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *