LYRIC

Шаттығым тізіп алдан шуағын құяды күн
Түсімде ізі қалған тұлпарлар тұяғының
Айналдың ару далам самалы ескен желден
Сөнеді сағым болып бабалар көшкен елде

Қ-сы
Қазақстан байтақ елім
Ару далам арман қалам жалғандағы
Қандай ғажап көркем едің
Бақыт құсы ұя салған
Бәйтерегім болғай мәңгі
Жаныңдамын елім менің?

Евро Азияны жаулаған кие жерім
Туған ел қазыналы өзіңсің сүйген елім
Ұл-қызың оттай жылы жүректе жаз әлемі
Жарқырап көк байрағым жасай бер Қазақ елі

Қ-сы х2
Қазақстан байтақ елім
Ару далам арман қалам жалғандағы
Қандай ғажап көркем едің
Бақыт құсы ұя салған
Бәйтерегім болғай мәңгі
Жаныңдамын елім менің?

Елім менің


Added by

OlzhasOmar

SHARE

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *