LYRIC

Көңілге құдаша қыз қарасаңыз
Өмірде жанымызбен жарасамыз
Тойларда тамашалап жүрміз талай
Болады біздің қашан тамашамыз
Тойларда тамашалап жүрміз талай
Болады біздің қашан тамашамыз
http://kazchords.kz — аккорды и тексты казахстанских песен
Қ-сы
Хееей игай игай игай игай ай ай ай
Құдаша қыз
Болады біздің қашан тамашамыз
Болады біздің қашан тамашамыз

Жолықсақ жағдай ғана сұрасамыз
Қашан біз сыр ашамыз, қыр асамыз
Ақ қанат көңіліңмен көк кемені
Көтеріп кете бардың құдаша қыз
Ақ қанат көңіліңмен көк кемені
Көтеріп кете бардың құдаша қыз

Қ-сы
Хееей игай игай игай игай ай ай ай
Құдаша қыз
Болады біздің қашан тамашамыз
Болады біздің қашан тамашамыз

Ақтарып не қылайын текке бәрін
Жаңғырды жүрегімді-ау от жанарың
Амалсыз қимастықпен қоштасарда
Құдаша неге сонша көп қарадың
Амалсыз қимастықпен қоштасарда
Құдаша неге сонша көп қарадың

Қ-сы
Оооооу игай игай игай игай ай ай ай
Құдаша қыз
Болады біздің қашан тамашамыз
Болады біздің қашан тамашамыз

Қолымды жеткізгендей айға бүгін
Біз енді жолығамыз кайда күнім?
Кездеспей кетсек егер бұдан кейін
Әрдайым өз бағыңда жайна гүлім
Кездеспей кетсек егер бұдан кейін
Әрдайым өз бағыңда жайна гүлім

Қ-сы
Хееей игай игай игай игай ай ай ай
Құдаша қыз
Болады біздің қашан тамашамыз
Болады біздің қашан тамашамыз


Added by

OlzhasOmar

SHARE

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *