LYRIC

Аңсаумен ауылымның ақ қайнарын
Алдына ақ боз үйдің ат байладың
Кедерсіп кеңсірігім келіп тұрмын
Сабадан сыр қымыздың татқай дәмін
http://kazchords.kz — аккорды и тексты казахстанских песен
Қ-сы
Туған ел ынтызармын тұнығыңа
Қымызың қуат болған қыз ұлыңа
Есіктен жер ошаққа елеңдеймін
Әжемнің иісі келіп мұрыныма

Аққу қаз айдын көлде сыңқылдайды
Саялы сарайым ай салқын жайлы
Киелі киіз үйдің іргесінен
Жусан леп жұпар самал аңқылдайды

Қ-сы
Туған ел ынтызармын тұнығыңа
Қымызың қуат болған қыз ұлыңа
Есіктен жер ошаққа елеңдеймін
Әжемнің иісі келіп мұрыныма

Есіктен жер ошаққа елеңдеймін
Әжемнің иісі келіп мұрыныма

Сарқылмас көңіліңнің күйі сынды
Тағдырым сағынышты сый ұсынды
Ақ үйде ақ жол тілеп қалып едің
Әжем ау сағындым ғой иісіңді

Қ-сы
Туған ел ынтызармын тұнығыңа
Қымызың қуат болған қыз ұлыңа
Есіктен жер ошаққа елеңдеймін
Әжемнің иісі келіп мұрыныма

Есіктен жер ошаққа елеңдеймін
Әжемнің иісі келіп мұрыныма
Әжемнің иісі келіп мұрыныма


Added by

OlzhasOmar

SHARE

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *