Рүстем Нұржігіт — Еркемсің (текст)


Кездескен күннен, ғашықпын саған
Әр қимылың көркем қандай
Жанарың жарқын, шашып нұрларын
Көңіл күйін шертем талмай
[kazchords.kz — аккорды и тексты казахстанских песен]

Сүйіктім менің, өз бағыңды білесің бе?
Күміс күлкің, үйітті мені жайма шуақ мінезіңдей.

Еркемсің, көркемсің,
Айдында ақ жібек желкенсің.
Мен сенен көз алмаймын,
Сәл көрмесем төзе алмаймын.

Еркемсің, көркемсің,
Айдында ақ жібек желкенсің.
Бірге жүріп, бір боламыз
Махаббатпен нұрланамыз

Аққудай бейнең, аспанда қалқып
Ұшқаныңды көрсем деймін
Ұйқыға тәтті батсаң да балқып
Шалқып жата берсең деймін

Сүйіктім мені оятасың, таңым болып
Жан тәніммен сүйіппін сені,
Мәңгі шырқап, әнің болып

Еркемсің, көркемсің,
Айдында ақ жібек желкенсің.
Мен сенен көз алмаймын,
Сәл көрмесем төзе алмаймын.

Еркемсің, көркемсің,
Мен үшін ғайыптан келгенсің
Бірге жүріп, бір боламыз
Махаббатпен нұрланамыз

Арайлы таңда шуағын төккен
Шұғыла болып шашыласың
Ынтызар жанға, шұбарын сепкен
Күнім болып ашыласың

ла ла ла ла ла ла

Еремсің, көркемсің
Сәл көрмесем сені, сағынамын

Рустем Нуржигит, еркемсин


You may also like...