Меломен — Перзент Арманы (текст)


Сайын даламның бұйырған борышы мекен деп
Жаратқанымның өзгеге бір жолға бөтен боп
Жалтаңдап өстім айналамда жүрген жандарға
Кім менің әкем, кім менің жан анам екен деп
http://kazchords.kz — аккорды и тексты казахстанских песен

Өмірге келген әр сәби біреудің баласы
Тағдырын бірақ таңдауға жетпейді шамасы

Өміріміз шексіз қолдауымен жалғыз Алланың
Жолда қалмадым, бір биікке мен де самғадым
Тек бұл фәниге әкелген аяулы анамның
Дидарын көру — орындалмай жүрген арманым

Тілегім менің кеудемде соңғы рет қалғанша
Анам мен әкем бақытты болса екен бар болса

Жаныңда болса ата-анаң да
Соны адамдар бағалаңдар, бағалаңдар

Өмірге келген әр сәби біреудің баласы
Тағдырын бірақ таңдауға жетпейді…
Тілегім менің кеудемде соңғы рет қалғанша
Анам мен әкем бақытты болса екен бар болса

әні: Ұ. Жолдасов
сөзі: Р. Зайытов


You may also like...