Luina — Мама (текст)

Айналасың құлыншағым деп мені
Еркелетіп, күнге теңеп көктегі
Есейсем де әлі саған сәбимін
Мама жаным мәңгі жасыл көктемім
http://kazchords.kz — аккорды и тексты казахстанских песен

Қ-сы
Тіл алғышың сенің, жұбанышың сенің
Ән арнайды мейірімді саған дара
Ән ағысым сенсің, қуанышым сенсің
Бәрінен де қымбатсың маған
Мама!

Жырақ кетсем жаныңнан сағынамын
Тілегіме арман қосып сарыламын
Сағынамын, әлі көп сағыныштан
Осылай әннен тұмар тағынамын

Қ-сы
Тіл алғышың сенің, жұбанышың сенің
Ән арнайды мейірімді саған дара
Ән ағысым сенсің,қуанышым сенсің
Бәрінен де қымбатсың маған
Мама!

Гүлімсің мама
Мақтан етер барымды өзің ғана
Жатыр әне құлпырған алып дала
Алқынған деміңменен тыныс ала

Қ-сы
Тіл алғышың сенің, жұбанышың сенің
Ән арнайды мейірімді саған дара
Ән ағысым сенсің,қуанышым сенсің
Бәрінен де қымбатсың маған
Мама!

Автор песни: Жалын Ғалым

You may also like...

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *