Айбар Серкебаев — Анашым


Балам деп ботам деп алаңдаған
Барыңды бердің-ау анам маған
Кеше гөр кей кезде тым еркелеп
Елемей кетсе егер жаман балаң
Алғашқы күнімнен шырылдаған
Бір сәтке басқаға бұрылмаған
Ақта деп айтпайсың ақ сүтімді
Сақта деп тілейсің ұлыңды аман
http://kazchords.kz — аккорды и тексты казахстанских песен
Қ-сы:

Анашым, жан анашым
Әнім боп сараласың
Барында әрбір адам анасын бағаласын
Анашым жан анашым

Қашан да жанымның серігісің
Бәрінен биіксің сен ұлысың
Қинадың аямай жаныңды да
Өмірге алып мені келу үшін
Кезің жоқ біздерге өкпелеген
Өзіңнің бағыңда көктегем мен
Қарызым өтелмес жаяу сені-ей
Арқалап апарсам да ооу сені Меккеге мен

Қ-сы: х2

Анашым, жан анашым
Әнім боп сараласың
Барында әрбір адам анасын бағаласын
Анашым жан анашым
Анашым жан анашым


You may also like...