Гүлнұр Оразымбетова – Қайда

Арада сағыныш қалған ба үміт артып
Жүрген бе өзіңмен жалғанға
Әппақ арман махаббатым
Кеттің бе шалғайға
Мәңгі бірге екеуміз бола алмадық
Шын сүйгенменен
Маңдайға жазған ба
Сенсіз күндерім өткен түндерім
Атты талай таңдар да
http://kazchords.kz — аккорды и тексты казахстанских песен
Қ-сы:
Қайда ол күндер бірге жүрген кезім
Қайда сағымға
Менің нәзік махаббатымды өзің жалға
Қалдырдың сүйген жүрекке сен өшпес таңба
Қоштасқанда

Мендегі сағыныш
Оңаша қалғанда
Ақша бұлттан тамшы жас тамғанда
Күзде солған жапырақпын
Сарғайған талдарда
Еске аларсың біз жүрген бақтарда жалғыз барғанда
Түпсіз ойға шомылғанда
Мен деп ойларсың
Айдын көлге кеп жалғыз аққу қонғанда

Қ-сы: х3
Қайда ол күндер бірге жүрген кезім
Қайда сағымға
Менің нәзік махаббатымды өзің жалға
Қалдырдың сүйген жүрекке сен өшпес таңба
Қоштасқанда

You may also like...

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *